Ата-аналарға хабарландырулар - SmartSite KZ

МАҢЫЗДЫ:

  • Егер сізде «Индиго» ақпараттық жүйесінде белсенді өтінішіңіз бар болса, оны қайтадан берудің қажеті жоқ. Жүйе кезегіңізді ваучер алу үшін автоматты түрде аударады.
  • Кезекке қою кезінде 1414 нөмірінен келген SMS-хабарламаға жауап беру қажет – ақпарат алуды мақұлдау немесе бас тарту
  • Сізде уақытша немесе тұрақты тіркеу міндетті түрде болуы керек

Қосымша ақпарат алу үшін сіз "Онлайн" порталында техникалық қолдау маманына немесе білім бөліміне 54-36-14 телефоны бойынша хабарласа аласыз.



Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

https://t.me/aqorda_resmi


Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың кеңейтілген алқа отырысындағы баяндамасынан


🔹 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Қазіргі білім: сапа және менеджмент, заманауи инфрақұрылым, балалардың қауіпсіздігі, экономика үшін маман даярлау» тақырыбында кеңейтілген алқаотырысы өтті

https://t.me/oqu_agartu/14010



QR Oqu-ağartu ministrlıgı:

📁 Қазақстанда мектептерді реновациялау бойынша ауқымды жоба басталды: қалалар мен ауылдарда білім беру жағдайы жақсара түседі

🎒 Қазақстанда орта білім беру ұйымдарының 67%-ы (5236 мектеп) аудандық және ауылдық жерлерде орналасқан, бұл білім беру ошақтарында 1,6 миллион бала оқиды. Қалалық және ауылдық мектептер үшін бірыңғай білім беру стандарттары енгізілуде, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

✍🏻 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес таяудағы үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1231 мектепті реновациялау жоспарлануда, оның ішінде 820 мектеп ауылдық жерлерде орналасқан.

✅ Оқу-ағарту министрлігімен мектептерді реновациядан өткізудің жиынтық жоспары бекітілді, облыс әкімдіктері 2025-2027 жылдарға арналған өңірлік жоспарларды әзірледі. Реновациядан өткізуде мектептерді күрделі жөндеу, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, спорт залдарын салу немесе реконструкциялау, қоғамдық кеңістіктерді жабдықтау, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету қарастырылған.

🔹 Бұл шаралар мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге және педагогтердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

📌 Жоба үш жылда жүзеге асырылады: 2025 жылы 262 мектеп, 2026 жылы 436 мектеп, 2027 жылы 466 мектеп. Қосымша 2028-2029 жылдары Жамбыл облысында 67 мектеп жаңғыртылады.







Атауы Жүктеу
1 Жеке кабинетке QR-кодпен кіру 
2 Жеке кабинетке QR-кодпен кіру (мобильді құрылғы арқылы)  

Құрметті ата-аналар, Сізден жиі сұрақ туындайды: «Мен жеке кабинетімде жолдама алдым, бірақ бұл балабақша бізге сәйкес келмейді, не істеу керек?» Жеке кабинеттегі жолдамадан бас тарту керек! - ол ушін не істеу қажет. • Жеке кабинетке кіріп, жолдама белімін таңдаңыз жене «етініштен бас тарту» түймесін басыңыз. 10 минуттан кейін сіз болмағанға дейін болған кезектегі өзгерістерді ескере отырып, «ез орныңызға» кезекке ораласыз. Қандай жағдайларда сізге «етініштен бас тарту» Қажет болады? -егер Сіз қате жолдама алсаңыз; -егер дурыс емес балабақшаға жолдама алсаңыз -егер Сіз қолайлы балабақшада бос орындарды керсеңіз және жаңа жолдама алғыңыз келсе; -егер Сіз бақшаға қабылдануға үлгермесеңіз және жолдаманы кешіктіргеніңіз үшін 10 кундік тоқтату-парағына кіргіңіз келмесе; Білу маңызды! Жолдаманы алған сәттен бастап бір тәулік ішінде «етініштен бас тартуа» болады; Егер Сіз 5 жумыс күні ішінде балабақшаға қабылданбасаңыз және жеке кабинеттегі жолдамадан бас тартпаған болсаңыз, онда сіз 10 жұмыс күніне арналған тоқтату-параққа кіресіз.


Балалардың отпен ойнауы. Жедел қызметтердің мәліметтері бойынша көбінесе мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың өлімі мен жарақаттануы өрттердің пайда болуы, жол ережелерін бұзу, өзендер мен көлдерде шомылу, жұқа мұзда ойнау немесе коньки тебу кезінде болады. Балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ата-аналар мен білім беру ұйымдарының негізгі міндеті. Балаларды өмірлік жағдайларда қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет: - баламен сөйлесіп, өмірді сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіріңіз; - балалардың сіріңке, оттық сияқты заттарға қызығушылығын байқасаңыз, ұлыңызға немесе қызыңызға оны дұрыс пайдаланбаған жағдайда шыққан оттың күші қиындықтар әкелетіні туралы айтыңыз; - балаларға тұрмыста, көшелер мен жолдарда дұрыс жүріс - тұрыс үлгісін көрсетіңіз; - баланың күні бойы жүрген жерін білу қажет: бала тәулігіне 24 сағат бойы ата-аналардың бақылауында, қамқорлығында және назарында болуы тиіс; - балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, балалардың уақытын бақылаңыз; - өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, тұрмыстық құралдардың, оның ішінде электрмен қыздырғыштардың, басқа электр жабдықтарының, пешпен жылытудың жарамдылығы мен пайдаланылуын қадағалаңыз; - төтенше жағдайларда: 101 – өртке қарсы қызмет, 102 – полиция, 103 – жедел жәрдем, 104 – газ қызметіне хабарласыңыз. Құрметті ата-аналар! Балалар сіріңкемен ойнау арқылы өртке кінәлі болатынын ұмытпаңыз. Сонымен қатар, тек тыйым салумен шектелмеуіңіз керек, балаларға отпен ойнаудың қалай аяқталатынын сенімді түрде түсіндіруге тырысуыңыз қажет. Балаларға сіріңке ойыншық емес, бұл өте қажет және пайдалы нәрсе екенін, балалар ойындарына мүлдем жарамсыз екенін үнемі үйретіңіз.
«Мен балабақшада бос орындар бар екенін көремін, бірақ жүйе оларды неге көрсетпейді?»,- деп ата-аналар бізден жиі сұрайды.
❗Құрметті ата-аналар! Жас санаттары және басымдықты қолжетімділік туралы «орындарды босату хаттамасын» зерделеу қажет.
📌Негізгі беттегі бос орындар тізілімі барлық жас санаттарында және қол жеткізудің барлық түрлерінде көрсетеді.
📌Баланың ЖСН енгізілгеннен кейін Жеке кабинеттегі бос орындар тізілімі баланың туған күнін және қолжетімділік деңгейін (басым немесе қалыпты) ескере отырып, Сізге қолжетімді барлық бос орындарды көрсетеді.
Жолдамаларды тек жеке кабинеттен алуға болады. Бұл жеке кабинеттегі бос орындар тізілімінің деректеріне назар аудару керек дегенді білдіреді.
🔹Жеке кабинеттегі бос орындар тізілімі жүйе серверінде минутына 1 рет жаңартылады. Бұл оның деректері өзекті екенін білдіреді.
🔹Егер ата-ана басты бетте бос орынды көрсе, бірақ оны жеке кабинетте көрмесе, бұл:
❗жас санатына сәйкес келмесеңіз;
❗немесе кезекке басымдық берілмейді екеніңізді білдіреді:
🔹Егер ата - ана басты бетте және жеке кабинетте бос орынды көрсе, бірақ таңдау кезінде жүйеден бас тартса-бұл сіз ақпаратпен танысқан кезде біреу бұл орынды алып қойғанын білдіреді.
Жүйе заңнамалық нормаларға сәйкес құрылған және мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет алу процесін толық автоматтандырады.
 


Егер Қазақстан Республикасының Президентін сайлау күні жол жүріп кетуіне байланысты азаматтың өз сайлау учаскесінде дауыс беру мүмкіндігі болмаса, онда оған баратын жеріндегі сайлау учаскесінде дауыс беруге болады. Ол үшін 4-19 қараша аралығында тіркелген жеріндегі сайлау учаскесінен алған есептен шығару куәлігі болуы қажет.

Әр адамның дауысы маңызды!


 


Изменение оплаты за питание

Құрметті ата-аналар!

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі  417 қаулысы негізінде 2022 жылғы 14 қазаннан бастап Қостанай қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тамақтану үшін ата-ананың ақы төлеу мөлшері ұлғайды және айына:

1 жастан 3 жасқа дейін-15 666 теңге

3 жастан 6 жасқа дейін – 18 298 теңге

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымның азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін жеңілдікті және тегін тамақтандыруды қамтамасыз ететінін естеріңізге саламыз.

100% тегін тамақтану санаттары бар: жетім балалар (қамқоршылық - патронат), мүмкіндігі шектеулі балалар, логопедиялық және түзету топтарындағы балалар ;

АӘК алушылардың отбасыларынан шыққан балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, АӘК алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар 50% жеңілдікпен тамақтанады.

 Жеңілдікті және тегін тамақтандыру мәселелері бойынша ата-аналар мен заңды өкілдер “3 бөбекжайының” меңгерушісіне 51-30-70 телефоны арқылы хабарласа алады.

 


Название Скачать
1 Перпективное меню қыс, көктем

 


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 122 бұйрығымен бекітілген

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2021 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Қағидалар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 - бабының 43) тармақшасынасәйкес әзірленген және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі-ЖЖОКБҰ) дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 08.07.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады.

      "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде бір балаға есептегенде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындары мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде өтеледі.

      Жан басына қаржыландырылған кезде мемлекеттік білім беру тапсырысына тапсырыс беруші балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған қызметтердің көлемін мынадай жағдайда қаржыландырады:

      1) қалмай мектепке дейінгі ұйымға үнемі баратын балаларға;

      2) мектепке дейінгі ұйымда үш жұмыс күні ішінде жоқ болған балаларға;

      3) баланың ауруы, медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделуі, сауықтырылуы (анықтама берілгенде), ата-аналарының біреуіне (баланың заңды өкіліне) еңбек демалысының берілуі және баланың жаз уақытында екі айға дейінгі мерзімде сауықтырылуы (өтініші болған кезде) себептері бойынша жоқ болған балаларға.

      Шектеу шаралары, оның ішінде карантин, салдарынан балалар мектепке дейінгі ұйымға бармайтын әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қолданылған кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша айқындалатын көлемде және мөлшерде қаржыландырылады.

 

Құрметті   ата – ааналар,  немесе  олардың  заңды өкілдері!

 

Осы  аталған  Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2021 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығы  негізінде  - бүлдіршіндер  балабақшада жазғы сауықтыру демалысқа  және ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің  демалыс  мерзіміне  жалпы  бір  жылда (1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында) тек қана  екі  ай (60 күнтізбелік күн) демалады.  


Балалардың отпен ойнауы.

Жедел қызметтердің мәліметтері бойынша көбінесе мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың өлімі мен жарақаттануы өрттердің пайда болуы, жол ережелерін бұзу, өзендер мен көлдерде шомылу, жұқа мұзда ойнау немесе коньки тебу кезінде болады. Балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ата-аналар мен білім беру ұйымдарының негізгі міндеті.

Балаларды өмірлік жағдайларда қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет:

- баламен сөйлесіп, өмірді сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіріңіз;

- балалардың сіріңке, оттық сияқты заттарға қызығушылығын байқасаңыз, ұлыңызға немесе қызыңызға оны дұрыс пайдаланбаған жағдайда шыққан оттың күші  қиындықтар әкелетіні туралы айтыңыз;

- балаларға тұрмыста, көшелер мен жолдарда дұрыс жүріс - тұрыс үлгісін көрсетіңіз;

- баланың күні бойы жүрген жерін білу қажет: бала тәулігіне 24 сағат бойы ата-аналардың бақылауында, қамқорлығында және назарында болуы тиіс;

- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, балалардың уақытын бақылаңыз;

- өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, тұрмыстық құралдардың, оның ішінде электрмен қыздырғыштардың, басқа электр жабдықтарының, пешпен жылытудың жарамдылығы мен пайдаланылуын қадағалаңыз;

- төтенше жағдайларда: 101 – өртке қарсы қызмет, 102 – полиция, 103 – жедел жәрдем, 104 – газ қызметіне хабарласыңыз.

Құрметті ата-аналар! Балалар сіріңкемен ойнау арқылы өртке кінәлі болатынын  ұмытпаңыз. Сонымен қатар, тек тыйым салумен шектелмеуіңіз керек, балаларға отпен ойнаудың қалай аяқталатынын сенімді түрде түсіндіруге тырысуыңыз қажет.  Балаларға сіріңке ойыншық емес, бұл өте қажет және пайдалы нәрсе екенін, балалар ойындарына мүлдем жарамсыз екенін үнемі үйретіңіз.

Құрметті ересектер мен балалар!

Күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамау жиі адамдардың өліміне және жарақат алуына әкеп соғады. Қараша мен желтоқсан аралығында, яғни тұрақты аяз басталғанға дейін мұз қатпайды. Кешкі немесе түнгі суықта қатқан мұз берік болса да, күндіз ол белгілі мөлшерде еріп, өз тығыздығын жоғалтады. Мұз қату кезеңіндегі қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қараңыз!


Құрметті ата-аналар!

Жаздың келуімен жер бетінде "Жазғы қар" пайда болды-терек мамығы. Бұл тез тұтанатын табиғи материал білім беру ұйымдарының аулаларында, жылу трассалары құбырларының бойында, құрылыстардың, автокөлік тұрақтарының жанында жиналады. Кез келген ұшқын - және мамық оқ-дәрі сияқты жанады. Ұмытуға болмайды, бұл теректің жанады лезде ауыстыра алады от тұрғын құрылыстар, қоршаулар, ағаш құрылымдар) орналасқан, жанында автокөлік. Көбінесе өрттер балалардың еркелету үшін терек мамығын тұтатуынан болады, бұл ретте салдары туралы ойланбастан.

Құрметті ата-аналар, егер сіз көшеде терек мамығы бар балалардың еркелетуін көрсеңіз-жанынан өтпеңіз, өрттің алдын алыңыз, жас балалардың сіріңкелер мен оттықтарға кіруін шектеңіз. Қатты жел кезінде мамық Лоджиялар мен балкондардың барлық түрлеріне бітеліп, оңай көтеріледі. Сөндірілмеген темекі тұқылы немесе сіріңке, от жұмыстарын жүргізу немесе балалардың тентектігі бірден өрттің шығуына әкелуі мүмкін.

Терек мамығы өрттің көзі болмас үшін қарапайым ережелерді сақтаңыз:

- ашық оттың кез-келген көзін қолдануда абай болыңыз;

- жасөспірімдер мен балалардың мамықты жағуға байланысты ойындарын тоқтатыңыз. Мұндай ойнаудың ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіріңіз.

Есіңізде болсын, заң бойынша балалар ойынынан туындаған өрттерден келтірілген материалдық залалды ата-аналар өтейді (ҚР "Азаматтық қорғау туралы"Заңы).

Егер сіз жаныңызда зардап шеккен қайғылы оқиғаның куәгері болсаңыз, бұл туралы дереу құтқару қызметінің 101 телефонына, 112 ұялы телефонына хабарлау қажет.

№ 3 бөбекжай – балабақша әкімшілігі


№ 3 бөбекжай – балабақша әкімшілігі

 

Балалардың жазда өзен,көлдерге шомылғандағы қауіпсіздік ережелері.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін - өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау қажет.   Жазғы демалыс балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады.Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.

Балалар да, үлкендер де жылы күндерді аңсап күтеді.Балалар жақсылап тыныққысы келеді, ал ата-аналар алдында ұзақ оқудан, қиын емтиханнан шаршаған баласының демалысын дұрыс ұйымдастыру керек.

Жыл маусымының қай-қайсысының да өзіне тән ерекшеліктері болады. Әсіресе, жаз айларында адамдар еңбек демалыстарына шығып, балаларымен, достарымен бірге табиғат аясында серуендеуді, құмдауыт жағалауларда күнге қыздырынып, өзен-көлдерде суға шомылғанды жандары қалайды. Алайда, көбіне-көп түрлі табиғи апаттардан, кездейсоқ жағдайлардан сақтануды естен шығарып аламыз.

 Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары

Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және дұшпаның». Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау  үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:

  1. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:

 - Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.

 - Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.

- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.

- Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.

 - Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.

 - Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.

 - Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

 

  1. Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері:

Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.

  III. Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз:

Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.

     - егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.

     - Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.

   - Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.

     - Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.

  1. Су иірімінен шығудың тәсілдері:

 - Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.

 - Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз.

 - Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.

  1. Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет:

Суда ұзақ шомылу шаршап - шалдығуға әкеліп соғады.

- Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.

     - Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.

     - Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.

  1. Суық судың қауіптілігі:

Суық суға түсіп кеткен адам  10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс    болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық   суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады.


Название Скачать
1 2021 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардағы жарақаттардың алдын алу.

Әр ата-ананың міндеті- баланың денсаулығын сақтау, балаларды жарақаттанудың алдын-алу негіздеріне үйрету. Егер өзіңізді дұрыс ұстасаңыз, қауіпті алдын алуға болады. Тұрмыстық жарақаттар ең көп таралған. Сынықтар, ми жарақаттары биіктіктен құлау салдарынан пайда болады (терезе, диван, бесік-арба, ойын кезінде жоғары лақтыру), ыстық пештен, ыдыс-аяқтан, үтіктен, тағы басқа электр құрылғыларынан (ыстық шай, сорпадан) күйіп қалу, ашық от, белгісіз заттармен улану).

Балалардағы жарақаттардың алуан түрлілігіне қарамастан, оларды тудыратын себептер тән. Ең алдымен, бұл сыртқы ортаның жайсыздығы, немқұрайлылық, ересектердің қаралмауы, баланың күнделікті өмірде, көшеде, ойын кезінде, спортпен шұғылдануда ұқыпсыз, орынсыз әрекеттерінен пайда болады. Жарақаттың алдын-алу жұмыстары:

1. Жарақат алу қаупін жою;

2. Балаларды жарақаттанудың алдын-алу негіздеріне жүйелі түрде оқыту. Сонымен қатар, баланың бойында қорқыныш сезімдерін дамытпау керек, керісінше, егер сіз өзіңізді дұрыс ұстасаңыз, қауіптің алдын алуға болатынын ескерту қажет;

3. Балаңызбен сөйлесіңіз, мысалдар келтіріңіз;

4. Балаларға қауіпсіз өмір салтын көрсете отырып, ересектер үшін барлық жағдайда өздерін ұстау өте маңызды.