Жасыл балабақша - SmartSite KZ

‼️"КГКП ясли сад #3 бөбекжай-бақшасында" Ересек "Жұлдыз" тобының тәрбиеленушілерінің қатысуымен "Бақшаға гүл егеміз" атты іс-әрекеті өткізілді.

🌷Балалар үлкендердің жұмыстарымен таныс болып, гүл отырғызып, олардың еңбегін бағалауды түсінді;

🌷Дәрілік өсімдіктермен таныс болды;

🌷Табиғаттың әсемдігін тамашалады;

Топқа оралып, балалар табиғаттың тамашалығын бейнеледі!

Тәрбиеші:Тұрсын Ж.Ж. Шаяхметова Л.Н.


Мектепке дейінгі🐥 "Балапан " кіші тобында әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру да балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру🌿🌲☘️ Ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.Қоршаған ортамен таныстыруда балаларды өсімдіктермен🪴🎍🍀🎋 таныстыра отырып, табиғат бұрышындағы өсімдіктерге қамқор болуға оларды күтуге суаруға шаңын суртуге керек екендігін айтуды жалғастыру.🍄‍🟫☘️🌿🍂🪴 Тәрбиешілер:Шененова.А.И Фазылахметова.БК

Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру мақсаты балалардың табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы білімдерін толықтыру.Қазтамақ, фикус, кратон гүлдері туралы айтып, оларды бір-бірінен ажырата білуге, тани білуге үйрету және күту ерекшеліктерімен  толықтыру. Бөлме өсімдіктерін қалай күту керектігін  ересек "Жұлдыз"тобының  тәрбиеленушілеріне іс-жүзінде көрсету арқылы  еңбекқорлыққа баулу. Балалар бөлме өсімдіктерін күтіп баптаумен айналысып, іс-әрекетте алған білімдерін іспен көрсетті. Гүлдің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын, оларды баптап күту ережелерімен таныстырылды.Өсінді отырғызу жолын көрсетіп, табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу. Тәрбиеші :Шаяхметова Л.Н.


Балаларға экологиялық тәрбие беру мақсатында «Жидек» мектепалды тобында «Гүлдің өсуіне не қажет?» тақырыбында  ұйымдастырылған іс әрекет өткізілді. 
Балалар  бөлме өсімдіктерінің атауларымен танысты, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуға   үйренді, "игровизор" ойыны арқылы өсімдіктің өсуіне не қажет екенін белгілеп көрсетті.


"Еңбек-елдің мұраты". Бүлдіршіндерге қоршаған ортаны қорғауға айналаны көгалдандыру, мәдениеттілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатымен ересектер "Жұлдыз" тобының бүлдіршіндеріне қазан айында жүргізілген табиғат құбылысын бақылау жұмысының екінші бөлігі өз "Алаңды тазартамыз" атты іс-әрекетімен аяқталды. Тәрбиеленушілер өз алаңдарын  күзгі жапырақтардан тазартты. Іс-әрекетте бүлдіршіндерге табиғатты құрметтеуге және аялауға үйрету. Үлкендердің балаларды іс-әрекетпен тәрбиелеуі қоршаған ортаға  және табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу.