Консультациялық пункт - SmartSite KZ

Балалары балабақшаға бармайтын ата-аналарға музыка жетекшісінің ұсыныстары


📍Балалары балабақшаға бармайтын ата-аналарға логопедтің консультациясы


«Балақайл ар мектебі»

Әрбір бала үшін мектепке дейінгі балалық шақтан мектепке ауысу өте қиын кезең болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепке дейінгі сыныптарға бармаған балалар үшін бұл кезең өте қиын.

Балаларды мектепалды даярлау бес жастан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында немесе отбасында жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі-бастауыш мектепке түсу кезінде әртүрлі әлеуметтік топтардағы балалар үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. "Балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру" деп мектеп жасына дейінгі балалар үшін отбасының әл-ауқатына, тұрғылықты жеріне, ұлтына қарамастан, мектепте табысты оқу үшін ата-аналардың қалауы бойынша тең жағдай жасауды түсіну керек.

Жазғы кезеңде мектепалды даярлықпен қамтылмаған балалар үшін бастапқы мүмкіндіктерді теңестіру мақсатында білім беру ұйымдары жанынан ата-аналардың қажеттілігін ескере отырып, мектепалды даярлықтың қысқа мерзімді курстары ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің балаларды ерте дамыту институтының базасында бағдарлама әзірленді.

Бағдарлама үлгілік оқу жоспарлары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес әзірленді.

Бағдарламаның мақсаты-балаларды бастауыш мектепте оқуға дайындау.

Міндеттері:

құзыреттілікті дамыту (физикалық даму, коммуникативтік дағдыларды, танымдық және зияткерлік дағдыларды, шығармашылық дағдыларды, балалардың зерттеу қызметін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды қалыптастыру);

мектепте оқуға жеке, зияткерлік, әлеуметтік психологиялық дайындықты қалыптастыру;

оқу мотивациясын қалыптастыру;

жаңа білім алуға деген қызығушылық пен ынта, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау қажеттілігін дамыту.

Бағдарлама мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты көздейді, педагогтер мен ата-аналарға балаларға мектепте оқуға дайындалуға көмектесуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның мазмұны психологиялық дайындықты ескере отырып, балаларды мектепке дайындаудың барлық аспектілерін қамтиды.

Бағдарламаны іске асыру ұзақтығы жазғы кезеңде 1 айды құрайды. Білім беру ұйымы ұйымдастырылған қызмет/сабақ кестесін бекітеді.

Жұмыс режимі-аптасына бес күн 4-5 сабақтан тұрады, 10 минуттық үзіліс, сабақтың  ұзақтығы 30 минуттан аспайды.

Қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстарына алдын ала жазылу 87058038557 телефоны бойынша немесе Қостанай қаласы, Толстой көшесі 33 мекенжайында.


🗓️ Консультациялық пункт Балалары балабақшаға бармайтын ата-аналарға арналған қазақ тілі педагогінің ұсынысы


Кеңес беру пункті
Балалары балабақшаға бармайтын ата-аналарға логопедтің кеңестері.


"Балаға қазақ тілін меңгеруге қалай көмектесуге болады?

"Қазақ тілі мұғалімі: Жумабаева Ж.А.