Кеңес «Тілдік бөгеліс және психотілдік даму-дегеніміз не және онымен қалай күресу қажет?» - SmartSite KZ

Баланың қай кезден бастап сөйлеуі қажет?

  • жастағы бала жеңіл 10 сөзді айта алуы және 200 заттың атауын білуі қажет (ыдыс-аяқ, кереует, қонжық, мама, қыдыру, шомылу және күнделікті заттар, іс-әрекеттер)

Бала оған қарап айтылған сөзді түсінуі қажет. Мысалы «қонжық қайда» дегенде басын қонжыққа бұруы, «қолыңды бер» десе қолын беруі.

  • жастағы бала сөздерді және қысқа сөйлемдерді құрастыра біледі, сын есімдер мен есімдіктерді пайдаланады, сөздік қоры 50 сөз (ең төменгі норма), ал мамандардың айтуы бойынша 100 сөз болуы қажет.
  • жарым жастағы бала 200-300 сөздерді пайдалана отырып оңай сөйлемдерді құрастыра алады. «Қайда?», «Қашан?» сұрақтарын қояды, «л»,

«р» әріптерінен басқа әріптерді анық айта алады. Бала өз атын білуге тиіс, туысқандарын ажырата алады. Тілде сын есімдер пайда болады-үлкен, биік, әдемі, ыстық және т.б.

  • жастағы бала сөйлемдерді айта алады, барлық есімдіктерді, сын есімдерді және үстеулерді дұрыс қолданады (алыс, ерте, ыстық). Егерде балаға «Кәмпит жегің келеді ме?» деп сұрағанда «жегім келеді» деудің орнына «жегің келеді ме?» деп жауап берсе, баланың тілінде бөгелістің бар екенін көрсетеді.

Жеке даму ерекшеліктері мен артта қалушылық арасындағы шек  қайда?

Мамандардың айтуы бойынша мидың бір бөлігі тілдің дамуына жауап береді. Ұл балалардың жүйке талшықтары жіңішке, сондықтан олар баяу дамиды. Егерде баланың миында және психикасында кемшілік болмаса мамандардың көмегімен бұндай бөгелістерді жеңуге болады.

Ата-аналарға ескерте кететін бір жағдай, егерде баланың даму кезеңінде кемшілікті аңғарған болсаңыз бірден мамандарға көрсеткеніңіз жөн. Қыз балаларға қарағанда ұл балалардың арасында тілдік ауытқушылықтар жиі кездеседі.

Тіл дегеніміз не? 2,5 жасқа дейін бала «баланың тілімен» сөйлейді.

Мысалы: «мама», «папа», «машинаны-би-би», «қарғаны-қар-қар» және т.б.

2,5 жаста бала 3-4 сөзді байланыстырып айта алмаған жағдайда, мамандардың кеңесіне жүгінген жөн. Білімді мамандар баланың ерте кезінен бастап қандай бөгелістер бар екенін анықтай алады.

Тілдік дамуда байқалатын бөгелістер:

-бала 4 айлығында ересектердің айтқанын сезінбейді, күлімсіремейді, анасын танымайды.

8-9 айлығында бала гуілдемейді, ешқандай дыбыс шығармай тыныш жата береді.

Бір жарым жастағы бала қарапайым сөздерді айта алмайды, түсінбейді,

«отыр», «бері кел» деген өтініштерді орындай алмайды.

 

Бала тамақты шайнап жұта алмайды. Мысалы берген алманы шайнай алмай қақалады.