0,5-1,5 жасқа дейін
Мысалы сіз досыңызбен шай ішуге шайханаға барсаңыз, кішкентай балаңызбен бұрыштағы үстелге отырғаныңыз жөн. Балаға, алдын ала үйден алып шыққан, ойыншықтарын беріңіз.
Ал үйде үстел басындағы этикет туралы ойланғаныңыз жөн:баланы тамақтандырғанда оған алжапқыш тағу, қазір тамақ ішетіндіктеріңіз туралы мейіріммен түсіндіру, көңілін тәрелкеге аудару.
1,5-2 жасқа дейін
Асханадағы этикет
«Ереже бойынша жеуді» бастаймыз. Бала тамақ алдында қолын жууды, сүртуді, қасық ұстауды, майлықты қалай пайдалануды біледі. Ең бастысы ата-ана-шыдамдық пен мейірім көрсете білуі қажет.
Тілдік этикет
Баладан бірдеңені өтінуді «мархабат» сөзінен бастап «рахмет» сөзімен аяқтаңыз.
Баланың әр жақсы қылығына алғысыңызды білдіріңіз. Баланы амандасуға, қоштасуға үйретіңіз.
Балаңыздың әр ісіне, әр сөзіне сыйластықпен қараңыз.
Киім этикеті
Екі жастағы бала да киімін күтіп киюге үйрене бастайды - көйлегін дұрыстайды, шалбарын қағады. Ұқыптылыққа бала жасынан үйреніп, келешекте әдемі, таза киіну дағдысы қалыптасады.
3-4 жастағы
Асханадағы этикет
Бала шанышқыны, қасықты дұрыс ұстап өз бетімен тамақ жей бастайды. Тамақ ішкен кезде шынтағын үстелдің үстіне қоймау, ыстық тамақты үрлемеу, дұрыстап шайнау керек екенін түсіндіру қажет. Сусын ішкен жағдайда алдымен аузындағы тамақты жұтып, сосын ғана ішу қажет. Тамақ ішіп болған соң аузын майлықпен сүртуге үйреткен жөн.
Тілдік этикет
Этикеттің мақсаты - баланы байыппен ойланып сөйлеуге үйрету. Әсіресе жатын бөлмелерінде бала өзін-өзі дұрыс ұстай білуі қажет. Ол үшін әрбір ата-ана немесе тәрбиеші балалармен жұмсақ, нәзік қатынаста болғаны дұрыс.
Қарым-қатынас этикеті
Мақсаты: үлкендерге сыйластықпен қарауға, кішілерге көмек көрсетуге тәрбиелеу. Дәстүрлі әдепті қарым-қатынас сыйластықты ғана көрсетіп қоймай, ара қашықтықты орнатады. Отбасындағы достық қарым-қатынас- этикет сабағының көрнекі құралы.
Отбасында, балабақшада достық, жағымды қарым-қатынас туралы жиі әңгіме қозғап отыру қажет.
Киім этикеті
Таза киім кию және өзіне - өзі қызмет көрсету қалыптасады. Олар өздері қолын жуады, тісін тазалайды, мұрын орамалын пайдаланады. Бала өзін-өзі күтеді: шашын тарайды, көйлек таңдайды. Бұл жастағы балалар қылымсығанды жақсы көреді, бір-біріне ұнағанды ұнатады.
5-6 жас
Қарым-қатынас этикеті
Осы жастағы баланы жанындағы адамдарға жағымды қарауға үйретіңіз. Сондықтан баланың көзінше басқа адамдарды жамандамаңыз, балаңыздың достары туралы жағымсыз нәрсе айтпаңыз.
Баланың алдында өз қателігіңізді мойындаудан ұялмаңыз. Баладан кешірім сұраңыз, сонда ғана бала басқаның қателігін түсінеді, өзіне деген сыйластықты сезінеді.
5-6 жастағы бала басқаны тыңдап үйренуі қажет. Бұл қасиет баланың әдепті және тәрбиелі екенін көрсетеді. Ересектердің әңгімесіне кедергі жасамауға, бөлмеуге, олармен ұрыспауға тәрбиелеген жөн. Балалармен сұхбатты жайдары және сыйластықпен өткізген жөн.
Асхана этикеті
Бұл жаста балалар үстел басында өзін-өзі қалай ұстау керек екенін біледі. Барлық асхана құралдарын пайдалана біледі. Түшкірсе немесе жөтелсе мұрын орамалын пайдаланады.