"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 3 бөбекжайының «Жидек» кіші тобының балалары балабақшаның "Ерте кәсіптік бағдарлау" жобасы шеңберінде «Асхана» ойыны арқылы «Аспаз» мамандығымен танысты, мақсаты: балаларға «Аспаз » мамандығы туралы түсінік беру. Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.