«N3 бөбекжай-бақша» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Жұлдыз" және "Ромашка" мектепалды топтарында Қазақстан Республикасы күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты – балалардың патриоттық сезімін ояту, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Мереке салтанат пен ізгі ниет жағдайында өтті. Мерекеге Бай, Алдар Көсе, Апа-қонақтары қатысты. Балаларымыздың өз елінің патриоты болып өсіп келе жатқанына қуаныштымыз. Мереке балалар мен қонақтарға ұмытылмас әсер қалдырды. Әндер, билер, ойындар, аспаптық шығармалар өз Отанына деген сүйіспеншілікті, оның жетістіктеріне мақтаныш пен тамаша болашаққа деген сенімді бейнеледі. Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республика күнімен құттықтаймыз!!! Елімізге береке, байлық тілейміз !!!