Оқитын мектеп - оқитын ұлт" жобасын іске асыру аясында ересек "Көбелек" тобының тәрбиеленушілерімен "Кітап үйі", кітап дүкеніне экскурсия ұйымдастырылды.
Басты мақсатымыз – балалар қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері, кітаппен жұмыс істеу ережелері, кітапқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін ояту, әртүрлі балалар әдебиетімен танысу, мәдени дағдыларын дамыту, ой өрісін қалыптастыру.
Кітап үйінде бізді менеджер Котвицкая Елена жылы жүзбен қарсы алып, балаларға кітаптар жөнінде мағлұмат берді.
Кітап үйінде dom_knigi baitursynov өзіңіз қалаған кітапті таңдай алуыңызға мүмкіндік бар.
Тәрбиешілер: Садвокасова В.А.
Шарифова Т.Ж