Кинетикалық құм - SmartSite KZ

Мектепке дейінгі "Балапан" ортаңғы тобында кинетикалық құммен таныса отырып, ерекшелігімен және кинетикалық құммен ұқыпты жұмыс жасау керектігін көрсетіп түсіндіре кеттік. Кинетикалық құммен ойнау балаға ұмытылмас тактильді сезімдер беретінін ұсақ моториканы, табандылықты дамытатынын шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететінін айтып әңгімелестік. Сұқ саусақтарымен басуға, соғуға, шымшуға болатынын көрсете отырып қ ызығушылықтарын арттырдық. Балаларға жәй құмнан ерекшелігі неде екенін айтып, жасаған пішіндердің көлемі ұзақ сақталып шашырамай біркелкі жасалатынын өздері сезінді.Кинетикалық құм - қасиетін жоғалтпайды. Суласаң ештене болмайды, кепкеннен кейін бұрынғыдай болады. Қажет болса, оны жууға болады деп таныстырдық.Серпімді құммен ойнағаннан кейін қолыңызды мұқият жуу керектігі айтылды.