Қазақ халқының ұлттық мәдениетіне баулу, ұлттық құндылықтар мен патриотизмді дамыту отбасынан басталады.
"№3 бөбекжай - балабақшасы" КМҚК - да "Аналар мектебінің" жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті кездесуде "Ромашка" мектепалды тобында тәрбиеленушілердің аналары қазақ халқының шай ішу дәстүрлерін көрсетіп қана қоймай, айтып берді.
Бұл тек танымдық ғана емес, өте әсерлі кездесу болды!
Біздің балаларымыз аналардың ғасырлық даналығын тыңдап, қазақ халқының үздік ұлттық дәстүрлерін сақтап, жалғастыратынына сенімдіміз!
Тәрбиешілер: Карий И. И., Камаева Е. Б.