"Жидек" тобында оқу бұрышы ұйымдастырылды - SmartSite KZ

"Оқитын мектеп - оқитын ұлт" жобасы аясында біздің балабақшамызда ерте жастан балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында кіші "Жидек" тобында арнайы оқу бұрышы жасалған. Балалар өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерімен танысып, түрлі иллюстрациялық суреттер мен музыкалық кітаптарды қарап, зерттеп, қызығушылықтарын арттырады, кітапқа деген ұқыптылыққа үйренеді.

Тәрбиеші: Нурмагамбетова П. Г.