«Қостанай қаласы білім бөлімінің № 3 бөбекжайының «Жидек» кіші тобының балалары балабақша ішіндегі "Мамандықтар" жобасын іске асыру шеңберінде «құрылысшы» мамандығымен танысты. Осы кәсіптің адамдары қандай жұмыс атқаратынын, үй қандай бөліктерден құралатынын, құрылысшыға қажетті қарапайым құралдар атауымен танысты. Құрастырма ойыншықтардан үй құрастыруды үйренді.»