Наурыз тойы - мерейлі той - SmartSite KZ

Шығыс халықтарының, оның ішінде мұсылман елдерінің төл мерекесі - наурыз мерекесі халқымыздың жаңа жылы. Ия, біздің жаңа жыл мерекесі көктемде келеді, табиғат жан -  жануар оянып түрленіп күн көзінен қуат алып адамға жігер көңіл - күй сыйлайтын шақ.

Халық мерекесіне ат салысып бізде №3 бөбекжай-бақшасының балаларына  Наурыз тойы туралы мәлімет беріп дәстүрлі ойындар ойнатып,  атап айтқанда ойыншық аттарға мініп «Қыз қуу», «сақина салу», «арқан тарту»,  «теңге салу» сияқты ойындар және қыздар «Қамажай», ұлдар «Қара жорға» биін билеп әндер айтылды.Кеш соңында ата - аналар дайындаған дастарханда ұлттық  тағамдар бауырсақ наурыз көже болды.Сөйтіп жас ұрпақты тәрбиелеуде өзіміздің салт дәстүрімізді насихаттап, оларды өз халқын сүюге, құр сөз жүзінде емес іс-тәжірибе арқылы көрсетіп, бүлдіршіндерді еліміздің патриоты етіп, тәрбиелеуге аз да болса өз үлесімізді қостық.

 

№3 бөбекжай-бақшасының әдіскері

Кулманова Айнаш Жұматқызы