Ортаңғы “Жұлдыз”тобы,”Кірпінің бейнесін құрап,жапсыруда! - SmartSite KZ

Ортаңғы “Жұлдыз”тобы,”Кірпінің бейнесін құрап,жапсыруда! Жапсырмалау дегеніміз мүсіннің жұмсақ материалдан жасалу техникасы. Мүсін жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болады. Жапсырмалау процесі бас бармақ пен сұқ саусақ қимылдары арқылы істеледі. Жұмыс барысында мүсінді айналдыра отырып, жан-жағынан сомдап, қадағалап, артық- кем жерлерін түзеп отыру керек. Жапсырмалаудың басты міндеті – бейнені айқын көру, көрген затты дұрыс елестете білу, жабыстыру, созу, жұмырлау, илеу сияқты тәсілдерін меңгерту.Әр баланың алдына жеке құралдар берілді,оларды балалар пайдалана білді және көмек керек жерде жәрдем бердік. Балалар ынтамен барлығын өте жақсы деңгейде орындап шықты!