”Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы” - SmartSite KZ
🌷Ұлыстың ұлы күні Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс-берекенің арқауы, тек адамзаттың ғана емес, табиғаттың да жаңарып, бой түзейтін шағы. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, төрт түлік төлдеп, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз елімізде зор ықыласпен тойланады.
🌷Наурыз мерекесі балабақшамызда жыл сайын жоғары деңгейде атап өтіледі.  Осы мерекеге ересек “Жидек” тобы барынша дайындалып, қазақтың салт-дәртүрлерін сақтай отырып ата-аналар мен балалар арасында ұйымдастырды. Барлық қазақ халқын ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!🌷