"Жидек" ересектер тобының тәрбиеленушілерімен қазақтың ұлттық ойыны "Ханталапай" өткізілді - SmartSite KZ

Қазақстан Республикасының "Астана күні" мерекесі қарсаңында №3 бөбекжайда ұлттық ойындар, қазақ халқының салт - дәстүрлері мен мәдениетін таныстыру арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық дарын дамыту мақсатында "Жидек" ересектер тобының тәрбиеленушілерімен қазақтың ұлттық ойыны "Ханталапай" өткізілді.

"Ханталапай" - бұл ежелгі қазақ ойыны. Ойынның басты атрибуты асық болып табылады. Соңғы кезде осы ойынға қызығушылық артып келеді, өйткені бұл өскелең ұрпақтың бойына өздерінің ата - бабаларының дәстүрлері мен мәдениетін сіңдіреді.

Балалар осы қызықты жарыста өздерінің ептіліктері мен мергендіктерін көрсетті.