Әр адамның өмірі отбасынан басталады. Отбасы – қай заманда болмасын қоғамның іргетасы. Отбасы күні мерекесінің қарсаңында Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 бөбекжайының «Жұлдыз» тобында іс-шара өткізілді. Мақсаты: Балаларға отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру. Отбасын қадірлей білуге, адам өмірінде отбасының алатын орны туралы мағлұмат беру. Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту. Өз отбастарына деген сүйіспеншіліктерін, мақтаныш сезімдерін арттыру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.
Балалар отбастарымен бірге дайындаған «Менің бахытты отбасым» атты фото көрмелерін қорғап, отбастарының құндылықтарымен таныстырды. Сонымен қатар балаларға Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» атты әңгімесі оқылып, әкемен баланың арасындағы қарым қатынас талқыланды.