☘️Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондыктан да бүлдіршіндердің айналадағы табиғи ортаны зерттеуге қызығушылығын арттыру, танымдық қабілетін қалыптастыру , табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу балабақшадан басталады.
🍒Мектепалды «Жидек» тобында балаларды ауаның қасиеттерімен таныстыру мақсатында «Ауа-ол қандай?» тақырыбында ұйымдастырылған іс әрекет өтті. Балаларға ауа адамға, жан-жануарларға барлығына керек ,онсыз жер бетінде тіршілік жоқ екені жайында түсінік берілді.
🔬Балалар қарапайым тәжірибе арқылы , ауа иіссіз, түссіз, иіс өткізгіш ,ауа біздің айналамызды қоршап тұрғанына көз жеткізді.
Тәрбиеші: Бексултанова Б. К.