Жаңа жыл - ең сүйікті, қызықты, балалар асыға күтетін мереке. Жаңа жыл - таңғажайып, сиқырлы оқиғаларға толы. Бүгін мектепалды "Жидек" тобында Жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Балалар Жаңа жыл мерекесіне Ақшақарлар және Сантаклаустар🧑🎄 болып киінді. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға ертегі кейіпкерлері келді. Балалар Аяз атаға тақпақтарын, әндерін айтып, би биледі. Мерекеден кейін балалар Аяз атадан сыйлықтарын алды.
Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен тілегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
Тәрбиешілер: Бексултанова Б. Қ. Баймуханова С. Н.