Мақала сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты іс-шара өткізілді - SmartSite KZ

Балалар кітапханасы жобасын іске асыру шеңберінде ересек«Жұлдыз» тобының балаларымен «Мақала сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты бүлдіршінді мақал, жұмбақ түрлерімен таныстыру, ата бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ал жұмбақтар балалардың ұғымталдығын, ақылдылығын дамытып, қоршаған ортаны таныуға көмектеседі. Жұмбақтарды ойында қолдану балалардың сөздік қорын дамытады. Жұмбақтар балалардың есте сақтау қабілеттерін жаттықтырады, өйткені балалар тек жұбақты шешіп қана қоймай, оларды жасыруды да ұнатады. Балалар өздерінің шеберліктерін танытып суретті мақалдарды сөйлетіп, жұмбақтарды қызығушылықпен шеше білді.
Тәрбиеші: Шаяхметова Л.Н.