Мақал - мәтелдер-халық даналығы - SmartSite KZ

"№3 бөбекжай " КМҚК "Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру аясында орыс тілінде оқытатын "Солнышко" мектепалды тобында "Мақал - мәтелдер-халық даналығы"тақырыбында көркем әдебиет бойынша ұйымдастырылған қызмет өтті.
Ұйымдастырылған іс-әрекетте мұғалім балаларға мақал-мәтелдердің мағынасын түсінуге, мақал-мәтелдердің мағынасын көрсететін шағын әңгімелер жасауға, балалардың үйлесімді сөйлеуін дамытуға, ауызша халық шығармашылығына деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеуге үйретті.