Қостанай қаласы білім бөлімінің «N3 бөбекжай-бақшасы» «Балапан» кіші тобында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттермен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Ертеңгілікте балалар жақсы көңіл-күймен ән айтып, би билеп, ойындар ойнады. Ертеңгіліктен балалар жақсы әсер алды, көңілді болды.
«Балапан» кіші тобы
Педагог - тәрбиеші: Шененова А.И.
Фазылахметова Б.К.