Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі,
1 - Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай ересек «Жұлдыз» тобында «Қазақстан халқының достығы!» атты мерекелік іс - шара ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған іс - шараның мақсаты – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің маңызы туралы түсініктерін кеңейту, өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Отанға, еліне, туған жеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікті дәріптеу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, отбасына, достарына деген құрмет пен қамқорлық көрсете білуге үйрету.
Еліміздегі көп ұлтты халықтардың тыныштығын тілеу. Тәрбиеленушілер әр ұлттың киімдерін киіп, сол елдің биін билеп, ұлтық ойындарын ойнап, ән айтып мерекелік көңілдерін көтеріп өз шығармашылықтарын көрсете білді.
Тәрбиеші: Шаяхметова Л.Н.