5 қыркүйек тілдер күні — құтты болсын! Көпұлтты мемлекетте өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті болып, еліміздің дамуы мен қанат жайып өсуіне бірге ат салысайық! Ынтымақтастығымыз бен бірлігіміз жоғалмасын! Қуанышты да, шаттықты күндеріміз көп болғай!
Құтты болсын бүгінгі тілдер күні,
Көпұлтты еліміздің әрбір гүлі.
Сыйластық пен ынтымақ есік ашып,
Тілдер тату болсыншы, жүзі жылы!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің "№3 бөбекжайы" КМҚК-ны тілдер мерекесін атап өтті. Мерекеге мектепалды "Жұлдыз" және "Ромашка" топтары қатысты. Мереке барысында балаларға Алдар көсе қонаққа келді. Тәрбиеленушілер келген қонаққа өлең оқып, ән салып, би биледі.
Сонымен бірге Алдар көсе балаларға ойын ойнатып, соңында сыйлық берді. Тәрбиеленушілер мерекеге өте белсене қатысты. Іс-шара өте көңілді өтті.