Ойын арқылы оқыту. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің бір құралы ол ойын - SmartSite KZ

Ойын арқылы оқыту. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің бір құралы ол ойын. Ойын арқылы балаларды мамандықтармен таныстыруды жалғастырып, ол мамандықтардың еңбекте қажеттілігі зор екенін танып білдіру. Тәрбиеленушілер сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы балалар маман иелеріне еліктеуге тырысады. Айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын барысында қолдана білді. Ойынға деген қызығушылықтарын арттырады. Топпен ойнауға, тату ойнауға үйренеді.
Мектепалды «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілерінің «Дәрігер»,«Аспазшы», «Дүкенші»,«Құрлысшы» сюжеттік ойыны арқылы мамандықтар жайлы балалардың білімдері толықтырылды. Дұрыс мамандық меңгерген адамдарға деген қызығушылықтары артырып, еңбектерін құрметтеуге белсенділіктері артты.
Тәрбиеші: Шаяхметова Л.Н.Тұрсын Ж.Ж.