1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында қауіпсіздік сабақтары басталды - SmartSite KZ

Оқушылар қауіпсіздік сабағында қандай тақырыптарды талқылайды?

1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында қауіпсіздік сабақтары басталды. Бұл сабақтар апта сайын сынып сағаты аясында 10 минуттан өткізіледі, тақырып жылына үш рет қайталанады.

«Сабақтар балалардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескере отырып, балалардың әртүрлі өмірлік жағдайларда өз іс-әрекеттеріне сенімділігін қалыптастыруға бағытталған. Біздің міндетіміз – балаларға қажетті ақпаратты беріп қана қоймай, түрлі жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.