"Тілге бойлау" пилоттық жобасы МДҰ-ға енгізілді. Мектеп жасына дейінгі кезден бастап балаларға мемлекеттік тілді үйрену уақыт талабы болып табылады.Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде түрлі балалар іс-әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту. Осыған байланысты мектепалды "Жұлдыз" тобының тәрбиеленушілерімен "Тілге бойлау" жобасы іске асырылуда. Іс-әрекет кезінде күнделікті балалардың сөздік қорларын әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы молайту. Балалармен "Арайлы алтын күз" тақырыбына суреттер арқылы әңгіме құрастыру жұмысы жүргізілді."Айналамыз толы гүл" дидактикалық ойын арқылы бақша гүлдері мен бөлме гүлдерін ажырату ойынымен жалғасты. Мақсаты Балалардың әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын қалыптастыруда қазақ тілінде жақсы сөйлеп, ойларын жеткізе білуге жағдай жасау. Тәрбиеші:Шаяхметова Л.Н.