Балаларға мерекеге Күз ханшайым қонаққа келді - SmartSite KZ

Әр үйдің дастарханын әнге, қойманы дәнге толтыратын алтын да жомарт күз мезгілі табиғаттың ең берекелі уақыты. Осындай жарқын шақтарды балаларға үйрету мақсатында №3 бөбекжайының "Жидек" тобында "Алтын күз" мерекесін атап өттік. Балаларға мерекеге Күз ханшайым қонаққа келді, балалар күзбен қосылып жапырақтар биін билеп, "жапырақ жинау", "жемістер мен көкөністер", "күн мен жаңбыр" көңілді ойындарын ойнады, мереке соңында Күз ханшайым балаларға дәмді алмаларын сыйлады.



Тәрбиешілер: Бексултанова Б.Қ., Нурмагамбетова П.Ғ.