Ормандағы алтын күз - SmartSite KZ

☀️ Жаз өтті. 🍁 Күз келді. ✨ Айнала өте әдемі. Біреу өз қолымен қызғылт-сары 🍁 түске бояп қойғандай. Табиғат сары әлемге айналғандай. ✨ Табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы болады. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны бөлек. 💫 Күз өте керемет мезгіл. 💫 Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр.

Күз адам баласына молшылық, береке әкеледі. Сондықтан да адамдар күзге «берекелі күз», «алтын күз» деп баға берген. Бүкіл адамдар жаз бойы еккен көкөніс, 🍅🍎🍇🍓 жеміс-жидектерін, комбайншылар еккен бидайды 🌾 орып жинайды. Осының бәрін бақшамыздың мектепалды 🌟 «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілері «Ормандағы алтын күз» атты ертеңгілікте ✨ өнерлерімен ұштастырды. Балалар үшін ең сүйікті де, керемет мереке болып келеді. Өйткені табиғаттың таңғажайып көрінісі мен балалардың күлкісі осы мерекеде.

Балалардың ертеңгілігінде Орманшы ата, Күз ханшайымы және балабақшамыздың зейнеткер қарттары мен ата-аналар келіп, балалардың өнерлерін, тапқырлықтарын, 💫 шеберліктерін тамашалады. Күз ханшайымы ризашылығын әкелген сыйлығымен 🎊 білдірді. Балалар үлкен қуанышқа бөленді. 🌹🌹🌹

Тәрбиешілер: Шаяхметова Л.Н., Тұрсын Ж.Ж.