Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған интелектуалды ойындар түрі - SmartSite KZ
Мектепалды «Балапан» тобында Қазақ тілі сабағында: 
1.“Құмыралар” ойыны
“А мен Ә” және “С мен Ш” дыбыстары 
Мақсаты: Балалардың дыбыстары туралы ұғымдарын қалыптастыру. Құмыраны ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойын арқылы баланың қызығушылығын туғызу және сөздерді тану арқылы ақыл ой белсенділігін арттыру. Орналастыру арқылы жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
 
2. “Көлеңкесін тап” ойыны
Мақсаты: Өз елінің өткен тарихын біліп, ата - бабамыз аңсаған, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген тәуелсіздіктің, гүлденген Тәуелсіз ел - Қазақстанның болашағы ұрпақ қолында екенін сезіне білуге тәрбиелеу. Балалардың бойына Отансүйгіштік қасиетін сіңіріп, елін, жерін қорғауға баулу.