«Қостанай қаласы білім бөлімінің «№3 бөбекжайы»КМҚК-да Мектепалды «Жұлдыз»және «Ромашка»топтарының ата-аналары үшін, «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназия» КММ оқу бөлімінің меңгерушісі Жаксымбетова Маржангуль Байбосыновна және «Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицей» КММ бастауыш сынып мұғалімі Киселева Инна Владимировнаның қатысуымен ата-аналарға арналған іс-шара өтті. Кездесу барысында №24 және №2 мектеп педагогтері ата-аналарға балаларды 1 сыныпқа қабылдау Сакура бағдарламасы мен Егов қызметтерінде қалай жүретіндігі жайлы және мектепте білім беру процесінің ерекшеліктерімен балалардың мектепке бейімделуі туралы ақпарат берді.
Бастауыш мектеп мектепке дейінгі білім беруден басталады. Қазіргі уақытта білім беру сатылары арасындағы сабақтастықтың жалпы принциптерін анықтау мәселесі ерекше өзектілікке ие болды. Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру сатылары арасындағы сабақтастық тек балаларды мектепте оқуға дайындау ретінде түсінілмеуі керек. Балалардың мектепке ауысуын жұмсақ ету керек, педагогтер мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеудің формалары мен әдістерінің мектепке қарағанда басқаша екендігін, болашақ бірінші сынып оқушыларына жаңа жағдайларға тезірек бейімделуі ата-аналардың өздеріне байланысты екендігі жайлы айтып кетті.
http://sad3-kst.edu.kz/kz/tarbie-jumysy/1122-zh-ldyz-zh-ne-romashka-toptary-intellektualdy-ojyn-tkizdi.html#sigFreeId61cfd25b3c