🌱Өлі табиғат заттарын адамның қолымен жасалған заттардан ажырата білуге үйрету, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, экологиялық тәрбие беру мақсатында "Жидек" мектепалды тобында "Өлі және тірі табиғат" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.
☘️ Балалар Тірі табиғат пен өлі табиғат заттарын ажыратып екіге бөліп топтастырды. Бұршақ пен тасты мақтаға салып су құйып, бұршақтың көктеп шығатынына көз жеткізу үшін бақылауға алды. Игровизор ойыны арқылы табиғат заттарының ішінен адам қолымен жасалған заттарды бөліп көрсетті .
Тәрбиеші: Бексултанова Б. Қ.