Мектепке дейінгі "Балапан " ортаңғы тобында жаңа оқу жылынан бастап "Тілге бойлау" балалардың сөйлеу құралдарының бірі іске асырылып отыр.Тіл үйрену мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады.Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытуда сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту, дыбыстық мәдениетті жетілдіру, мәнерлі де, мәдениетті сөйлеуін тәрбиелеу, тілдің грамматикалық құрылымын, ауызекі сөйлеуді қалыптастыру қарастырылып келеді.Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мемлекеттік тілді меңгерудің таптырмас құралы болып табылады. Балалардың іс-әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде ауызша сөйлеуін дамыту; дидактикалық және дамытушы ойындар мен жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорын байытуға жағдай жасап келеміз