Барлығының сүйікті және көңілді мерекесі Жаңа жыл жақындап келеді! - SmartSite KZ

Сәнді шыршасыз Жаңа жыл қандай болуы мүмкін? Жаңа жылдық ертеңгіліктер қарсаңында біздің балабақшада "Шырша ойыншығы" атты көрме-байқауы өтті.

🎉Байқаудың мақсаты – мерекелік атмосфера қалыптастыру және балалар мен ата-аналарды авторлық шырша ойыншығын жасаудың шығармашылық процесіне тарту болды.

🎉Біздің байқауда жеңімпаздар немесе жеңілгендер жоқ, барлық шырша ойыншықтары ерекше және өзінше әдемі. Ең бастысы, біздің балабақшаны керемет жаңа жылдық ертегіге айналдырған осы әсемдіктің бәрі тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының қолымен жасалған.

Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз! Жаңа жыл құтты болсын!