Баламен бірге кітапқа қызығушылық арттыру - SmartSite KZ

Мектепке дейінгі "Балапан" ортаңғы тобында ата-аналармен бірлесіп атқаратын жұмыс барысында "Баламен бірге кітапқа қызығушылықтарын қалай арттырамыз?" атты тапсырма берілді ата-аналарға. Кітап оқу үшін балам әлі кішкентай, бірақ мен оны кітапты сүюге баули аламын. Күніне 10-15 минуттай дауыстап оқимын, суреттерді талқылап, әңгіменің мәні мен мазмұнын талқылаймын, — дейді ата-анамыз. Баланың тілі тез шығып, сөздік қоры дамиды, бала сабырлы, төзімділікке үйренеді, кітапты сүюге және ұқыптылыққа тәрбиеленеді екен. Күнде кешке оқуға әдет қылғаныңыз жөн, — дейді ата-ана Сатыбалдина Асем.