2021 жылдың 3 қыркүйегінде "Абайлаңыз, балалар" республикалық акция аясында "N 3 бөбекжай-бақшаға" жол полициясының қызметкерлері келді. Бұл кездесудің мақсаты жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін, балалардың жол-көлік жарақаттануларының алдын алу болды. Полиция қызметкерлерімен бірге балалар жолда жүрудің қауіпсіздік ережелерін және жол белгілерін естеріне түсірді. Кездесу барысында балалар зор ықыласпен тыңдап және олардың қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында жол полициясы қызметкерлері барлық балаларға брошюраларды сыйлай отырып, жол қозғалысы ережелерін сақтап, абай болуға және сақ болуларын тіледі.