"Қош келдің Жаңа жыл!" - SmartSite KZ

"Қош келдің Жаңа жыл!"

Жаңа жыл деген сөздің өзі адамды ерекше керемет сезімге бөлейді.

Жаңа жыл - барша жұрт асыға күтетін, таңғажайып әрі ең көңілді мерекелердің бірі болып саналады.

 Жаңа жылда жас демей, кәрі демей жас ерекшеліктеріне қарамастан таңғажайып керемет күтеміз, дайындаламыз.

Біздің де балабақшамызда жаңа жыл ертеңгілігі аталып өтілді.

 Балалар әдемі, әсем жаңа жылдық киімдерде болды, тақпақ айтылып, өлеңдер оқылды, би билеп шаттық пен көңіл көтерді.

 Тәрбиеші лер мен ата-аналар әр түрлі кейіпкерлердің рөлдерінде ойнады. Балалар сиқырлы ертегі  әлеміне түскендей күй кешті. Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар да балалар мен ата-аналарға жаксы тілектерін тілеп, ойындар ойнатты. Жаңа жылдан естелік фото суреттерге түсті.

 Баршаңызды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз

 Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр жаңа шуақ табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.