Ересек “Жидек” тобы ақ қоянды, сәбізімен мүсіндеу жұмысын жүргізді. Балалар ақ қоянды қызыға, талпынып, бір-біріне көмек көрсетіп , бірлесіп жасады. Бұл жұмыс барысында балалар төзімділікке, ұқыптылыққа, бір-біріне көмек көрсетуге үйренді. Балалар ақ қоянмен жақын танысып, қоянның не жейтінің және қайда өмір сүретінің білді.
Қоянның түсі сұр.Оның жүні жұмсақ,мамық,үлпілдек.Қоянның құлағы ұзын.Оның екі құлағы бар және оның екі көзі,тұмсығы,аузы,мұрты,төрт аяғы,кішкентай құйрығы бар.Қоян орманды далада мекендейді,өсімдіктермен қоректенеді.
Қоян өте қорқақ,саққұлақ аң деуге болады.Қоян орғып жүреді.Кейде ақ қоянды аңшыларда байқамай қалады.Қыс мезгілінде орманда азық өте аз болғандықтан қояндар кейде бақша дақылдары егілген жерлердегі қырыққабат,сәбіз қалдықтарын жейді.
Балабақшада мүсіндеуге үйретуге жүргізілген жұмыстар балалардың мүсін өнеріне деген қызығушылығын арттыра отырып ұсақ қол моторикасының дамуы мен қол еңбегінің негізі болып табылады.
http://sad3-kst.edu.kz/kz/tarbie-jumysy/396-gruppa-solnyshko-soglasno-modeli-vospitaniya-i-obucheniya-sotrudnichestvo-s-roditelyami-yavlyaetsya-glavnoj-i-znachimoj-zadachej-v-rabote-doshkolnoj-organizatsii-2.html#sigFreeIdacdaaa3b89