Ардақты да асыл аналар, көктемнің жадыраған, шуақты күнінде мерекелеріміз құтты болсын! “Жидек” тобында көктем мерекесі, аналар күніне арналған мерекелік шара аталып өтті. Әдемі әндер,көңілді билер,қызықты ойындар арқылы балалар өздерінің аналарына,әжелеріне деген махаббаттарын көңілдерін жеткізді. Өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын аналарына табыс етті. Осындай мерекелердің арқасында балалар ата - аналарын қадір тұтуды,құрметтеуді үйренеді.
Көктем мерекесі өзімен бірге керемет көңіл - күйін, әйел бақытын ала келді. Бұл күнді барлығымыз балалар үшінде, ата - аналар үшінде ерекше әрі көңілді өткізуге тырыстық. Мерекеге келгендерге көктемнің жылы шуақтарымен бірге жақсы көңіл - күй сыйлады.
http://sad3-kst.edu.kz/kz/tarbie-jumysy/441-shua-ty-k-ktem-ayauly-analar-merekesi.html#sigFreeIdae1dc92ec7