Серуен –Мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі. ⚽️Серуеннің мақсаты:
✅бала денсаулығын нығайту;
✅шаршаудың алдын – алу;
✅денесін шынықтыру;
✅түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.
👫Серуеннің міндеті: ✅Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру.
✅Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру.
✅Баланың қимыл-белсенділігін арттыру.
Ортаңғы "Жұлдыз" тобы балалары далада серуендеп, сонымен қатар әртүрлі жаттығулар жасады, "Тышқан мен Мысық" ойыны ойналды🌸