🌼Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілетін дамыту, олардың практикалық дағдыларын иемденуі сәбилік кезеңнен басталады. Балалар тілді меңгере отырып, заттарды, олардың қасиеттері, белгілері туралы білімді игере бастайды. Мектепке дейінгі балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп, баяндап, баланың сөздік қорын молайтып, тілін байытады, көркем өнерге қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді.
🌼Осы іс-шара аясында ересек “Жидек” тобымен шығармашылық жұмыстар жүзгіздім және балалармен ертегі ұйымдастырдым. Мектепке дейінгі жастағы бала шығармашылығы дегеніміз – сурет, жапсыру жұмысы, ойын, би, бейнелеу қимылдары, дауыс ырғағын салу болып есептеледі. Осы өнер түрлерінде баланың өз белсенділігін дамытуға аса назар аударуымыз керек.
http://sad3-kst.edu.kz/kz/tarbie-jumysy/462-balalardy-kreativtik-shy-armashyly-yn-damytu.html#sigFreeId2e8386617f