"Колледж Зерек" ЖМ-мен ынтымақтастық аясында " N3 бөбекжай" КМҚК-да "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту" мамандығы бойынша сырттай оқу бөлімі студенттеріне семинар-практикум өткізілді. Іс-шара барысында тәрбиеші Карий И.И. "Бауырсақтың саяхаты" кіріктірілген ұйымдастырылған әрекетті көрсетті. Педагог тәрбиелеу - білім беру процесін ұйымдастыру кезінде ойын арқылы оқыту, балалар әрекеттерін кіріктіру арқылы дамыту принциптеріне сүйенді.
🖍️ Әдіскер Бабий О.В. бөбекжайдың негізгі жұмыс бағыттары жайлы баяндады.
🖍️ Іс-шара бөбекжайдың жұмыс бағыты бойынша демонстрациялық және үлестірмелі материалдарды көрсету саяхатымен аяқталды.
🌷 Біз болашақ әріптестермен әрқашан өз ойларымызбен, табыстарымызбен, идеяларымызбен, сондай-ақ жұмыс тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз.