Шатыр тікті сары алтын, Шартараптың бәрі алтын демекші «Алтын күз» мерекесі барлық балабақшада әдеттегідей аталып өтіледі. Осы мерекені балалар шынайы ықыласымен дайындалып, өз өнерлерін көрсетіп мәз болады. Міне осы көптен күткен Алтын күз мерекесі біздің ересек «Жұлдыз» тобынада келіп жетті. «Ормандағы алтын күз» атты тақырыптағы ертеңгілікте балалар өз өнерлерімен шеберліктерімен таңқалдырды. Алтын күз мерекесінің мақсаты табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту, күз мезгілінің берекесі туралы балаларға түсінік беріп, оларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ең әуелі мерекеде балалар әуенмен залға кіріп «Жапырақтар» биімен бастап, хормен «Алтын күз», «Жаңбыр» туралы әндерін орындап, қазақ және орыс тілдерінде күз туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қыздар «Қолшатыр», ұлдар «Саңырауқұлақтар» билерін билеп өз өнерлерін көрсетті. Ал тәрбиешілер күз Ханшайымы,Орманшы ата кейпінде балалармен бірге қызықты ойындар ойнап тәрбиеленушілердің көңілдерін көтерді. Мереке соңында балаларға күз Ханшайымы әкелген тосын сый жемістер табыс етілді. Мереке сәтті аяқталды Тәрбиешілер: Шаяхметова Л.Н. Тұрсын Ж.Ж.
http://sad3-kst.edu.kz/kz/tarbie-jumysy/718-ormanda-y-altyn-k-z.html#sigFreeIdaceef7e082