Мектепалды "Жидек" 🍒тобында балалардың ерте жас кезінен белгілі бір мамандық туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында, балалармен ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті өткізілді - SmartSite KZ

Нақтырақ айтқанда дәрігер мамандығын. Жауапкершілігі мол мамандықтың қыр-сыры жайында жақын түсінік қалыптастырдық. Және де дәрігер алған мамандығы бойынша әр түрлі салаға бөлінетінін, олардың ішінен атап өтетін болсақ: балалар дәрігері,
тіс дәрігері, сынықшы, хирург...👩🏻‍⚕️Айта берсек өте көп💫Балалар дәрігердің арнайы киімдерін киіп, бір-біріне дәрігердің жасайтын қызметтерін жасады. Бір бала сынықшы болса, екіншісі дәрі егумен айналысты,басқасы тіс дәрігері болды. Балалар ауырғанда дәрі беретін,емдейтін апайлар мен ағайлар "Дәрігер"👩🏻‍⚕️екенін білді. Балалар өте керемет әсерде қалды.
Тәрбиеші: Баймуханова С. Н.