✨Қазіргі таңдағы балалар ақпараттандыру, компьютер мен робот құрастыру заманында өмір сүріп келеді.Техникалық жетістіктер адам өміріне тез ене отырып, балалардың заманауи техникаға деген қызығушылығын оятады.
🖍️Білім беру үрдісін ұйымдастыруда "lego" конструкторларын қолдану тәрбиеленушілерді техникалық шығармашылыққа енгізуге мүмкіндік береді. Балалардың шығармашылық инжинерлік ойлау қабілетін арттыру мақсатында "Жидек", "Солнышко" мектепалды топтарында "Lego boom" интеллектуалдық ойыны өтті. Балалар тапсырмаларды орындай отырып, әр түрлі сызбаларға сәйкес құрылыстар жасады. Жарыс-ойын барысында балалардың жылдамдықтары, құрастыру қабілеттері артты.
http://sad3-kst.edu.kz/kz/tarbie-jumysy/889-zharys-ojyn-barysynda-balalardy-zhyldamdy-tary-rastyru-abiletteri-artty.html#sigFreeId9e96a03db6