Мектепалды "Жидек" тобында "Құстарды аялайық" атты тәрбие сағаты өтті - SmartSite KZ
Мектепалды "Жидек" тобында "Құстарды аялайық" атты тәрбие сағаты өтті. Бұнда балалар ата-аналарымен бірге құстарға жемсалғыш жасап әкелді.Жемсалғышты ағаштан және пластиктен жасады. Оның ішіне балалар құстар қоректенетін дәнді- дақылдарды  салып,күндізгі серуен кезінде барлық балалар далаға шығып оны ағашқа орналастырдық. Балалар ата-аналарымен жемсауыт жасау арқылы құстардың тағдырына деген жауапкершілік сезімін оятып, оларға қамқорлық жасауға деген құлшынысын арттырады.Үлкен сүйіспеншілікпен жасалған кішігірім игі істер балаларға үлкен қуаныш әкеледі.
Тәрбиеші: Баймуханова С. Н.